Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты • Трамп мұхит атауын өзгертуді ұсынды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты • Трамп мұхит атауын өзгертуді ұсынды •

    Әскерде «таяқ жеп» мүгедек болған Ербаян Мұхтар робот көмегімен қозғала бастады

    Әскерде «таяқ жеп» мүгедек болған Ербаян Мұхтар робот көмегімен қозғала бастады

    @inga_imanbay

    Әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар Стамбұлда емін жалғастырып жатыр. Құқық қорғаушы Инга Иманбай  Ербаянның денсаулығына қатысты соңғы жаңалықтарды бөлісті, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Оның айтуынша, емдеу процесі оң нәтижелер беріп жатыр әрі дәрігерлердің болжамы жақсы. Бұрынғы сарбаздың басына ота сәтті жасалып, инфекциядан толық айыққан. Оның өміріне қазір қауіп төніп тұрған жоқ. Ұзақ әрі нәтижелі емнің арқасында айтарлықтай оң өзгерістер байқалған.

    — Катетері мен мұрнындағы зонд алынды. Салмақ қосып, робот арқылы қимылдай бастады. Өзі аздап тамақ іше бастады. Дәрігерлердің болжамы жақсы, бірақ толық оңалуға әлі уақыт керек. Емі Стамбұлда жалғасып жатыр, — дейді Инга Иманбай.

    Сондай-ақ адвокат Ербаянға жігер, ата-анасы мен жақындарына сабыр тілеп, қолдау көрсеткен баршаңызға алғыс білдірді. Ербаянның жақындары оның денсаулығы үшін қолдау білдірген барлық жанға алғыс айтты.

    — Бұл жетістіктер сіздердің қолдауларыңыздың арқасында. Жақсылықтан үміт үзбейміз!, — деп жазды ол.

    Айта кетейік, 2023 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласының 5571 әскери бөлімінде Ұлттық ұланның мерзімді қызметтегі сарбазы Ербаян Мұхтар бас сүйек-ми жарақатын алып, комаға түскен. Әскерилер отбасына оның дәретханаға құлап, басын плитаға ұрғанын хабарлады. Туыстары бұл нұсқамен келіспеген. Ал ІІМ Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов Ербаянның әжетханада құлағанын көрген куәгерлер барын, сол себепті оны ұрып-соқты деп айту әлі ерте екенін мәлімдеді

    Ал былтыр қыркүйек айында оны Стамбұлдағы «Медикал Парк» емханасына емдеуге апарды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →