Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті •

    30 мың доллар: ШҚО-да пара алған шенеунік 7 жылға сотталды

    30 мың доллар: ШҚО-да пара алған шенеунік 7 жылға сотталды

    Фото: altaynews

    Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары 30 мың доллар көлемінде аса ірі көлемдегі пара алғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    «Өскемен қаласының №2 соты Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары азамат Т.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Тергеу мәліметінше, 2023 жылы мамыр айында азамат Т. алтын өндіру фабрикасына экологиялық заңнама талаптарының сақталуын тексеру жүргізген», — деп жазылған хабарламада.

    Тексеру барысында құрылыс мерзімдерін аяқтау бойынша жобалық шешімдердің бұзылғаны анықталған. Бұл жағдай Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабына сәйкес, кәсіпорынның қызметін уақытша тоқтата тұруға негіз болатын құқық бұзушылық еді.

    «Алайда, азамат Т. фабриканы әкімшілік жауапкершілікке тартпау және оң қорытынды шығару үшін фабрика директорынан 30 мың доллар (2023 жылғы 12 мамырдағы бағам бойынша 13 326 600 теңге) көлемінде пара алған», — делінген хабарламада.

    Айыпталушы өз кінәсін мойындамағанымен, сот оны ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →