Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты •

    Қызылордада жүк көлігінің тіркемесі полицияның қызметтік автокөлігінің үстіне құлады

    Қызылордада жүк көлігінің тіркемесі полицияның қызметтік автокөлігінің үстіне құлады

    Фото: Қызылорда облыстық полиция департаменті

    Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Оқиға 7 қаңтарда «Самара-Шымкент» тас жолының Қызылорда қаласына қарасты Талдыарал елді мекенінің тұсында болған. Сол аумақта Қызылорда облыстық полиция департаменті патрульдік полиция ротасының екі қызметкері жұмысын атқарып жүрген болатын.

    «Олар бекітілген аймағында екі автокөліктің соқтығысумен болған жол-көлік оқиғасын рәсімдеп, автокөлікке отырған cәтте «MАN» жүк көлігінің жүргізушісі басқару жүйесіне ие бола алмай қарсы бағытта келе жатқан «ГАЗель» эвакуаторын және «Лексус» көлігін соққан. Ал жүк көлігінің артындағы тіркемесі полицияның қызметтік автокөлігінің үстіне құлаған. Көліктің жүргізушісі, жолаушысы, екі полиция қызметкері түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →