Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барларға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды • Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған жігіт ұсталды • «Қайрат» клубының бұрынғы қақпашысы Александр Убыкин өмірден өтті • Алматыда ірі жол апаты болды: кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен • Сәкен Бибосынов жаттығуда ауыр жарақат алып, Қазақстан чемпионатына қатыспайды • Бурабайдағы орман өрті оқшауланып, толық сөндірілді • Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барларға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды • Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған жігіт ұсталды • «Қайрат» клубының бұрынғы қақпашысы Александр Убыкин өмірден өтті • Алматыда ірі жол апаты болды: кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен • Сәкен Бибосынов жаттығуда ауыр жарақат алып, Қазақстан чемпионатына қатыспайды • Бурабайдағы орман өрті оқшауланып, толық сөндірілді •

    Ақтау әкімдігінің алдында өзін өртеген жігіт ауруханада қайтыс болды

    Ақтау әкімдігінің алдында өзін өртеген жігіт ауруханада қайтыс болды

    Фото: anhor.uz

    Ақтаудағы әкімдік алдында өзінің үстіне бензин шашып, өртеп жіберген  жігіт ауруханада қайтыс болды. Облыс әкімімен кездесе алмаған ер адамның оқыс оқиғасы 5 желтоқсан күні орын алған еді.

    Lada.kz мәліметінше, ер адам әкімдік ғимаратына кіріп, облыс әкімімен кездесуді талап еткен. Оны аудан әкімдігі қабылдағанмен, тұрғынң оның жауабына қанағаттанбай, өзін өртеп жіберген.

    Ақтау тұрғыны шұғыл ауруханаға жатқызылды. Соңғы рет денсаулық сақтау басқармасы оның жағдайы туралы 16 желтоқсанда хабарлаған болатын. Ол кезде жағдайының ауыр екені, жасанды тыныс алуға жалғанғаны айтылды.

    Аталмыш басылым ер адамның ауруханада 18 желтоқсан күні кешкі уақытта қайтыс болғанын хабарлады. Алайда, аурухана да, денсаулық сақтау басқармасы да ақпаратты растаған жоқ, алайда жоққа шығарған да жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →