Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті •

    «Болашақта олардың ұрпағы еліміздің тірегі болады»: Тұрсынхан Зекенұлы қандастар туралы айтты (ВИДЕО)

    «Болашақта олардың ұрпағы еліміздің тірегі болады»: Тұрсынхан Зекенұлы қандастар туралы айтты (ВИДЕО)

    Қытай осы қандай көрші? Балқашқа дейінгі жер қытайдікі деп оқытатыны рас па? Және Қытайдан тек “сапалы” қазақ келу керек дегенді қай қазақ шығарды? Тарихшы, аудармашы Тұрсынхан Зекенұлы Qasqa Jol YouTube-арнасына берген сұхбатында монахтарға айналған Шыңғысхан ұрпақтары, Моңғол империясының түбіне жеткен будда діні, Қытайдағы “қазақ шовинизмі”, барысқа айналып кеткен көк бөрі сияқты әр қазақтың жанына бататын тақырыптар жөнінде егжей-тегжейлі айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Сырттан келген әр қазаққа қуана білуіміз керек. Болашақта олардың ұрпағы біздің еліміздің тірегі болады. Алайда сырттан келетін қазақтардың көші саябырлап қалды. Оған әртүрлі себептер бар, бірі карантин болса, бірі заң жүйесіндегі әртүрлі өзгерістер. Біздің бұрынғы буын, яғни тәуелсіздік алған жылдары қандастарымыздың елге оралуына көп көңіл бөлді. Алайда қазіргі биліктегі жас буынға бәрібір. Себебі қазіргі жастардың сырттағы қазақтарға жаны аши қоймайды. Әрбір қазақ Отаны үшін жанын беруі керек. Шынын айтқанда, сырттағы қазақтар балаларының болашағы үшін Қазақстанға келгісі келеді», — деді Т.Зекенұлы.

    Сондай-ақ, тарихшы ұлттық тарихнамамыздың кемшін тұстарын сөз етіп, заңды күшейту керектігін айтты.

    «Бұған тарихшыларымыздың әлсіздігі себеп болып тұр. Қазір тарих саласында үлкен күрес жүріп жатыр. Мұның бір себебі — руға бөліну. Мәселен ұлы тұлғаларымызды әрбір ру өзіне тартып, жікке бөлініп жүр. Біз мұнымен Америка аша алмаймыз. Бұл тұста әрбір сөзімізге сақ болуымыз керек. Рухымыз мықты болмаса көрінгенге жем болуымыз әбден мүмкін», — деп қорытындылады ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →