Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қиын жағдай»: Белгілі әншінің денсаулығы көпті алаңдатты Мемлекет басшысы: Дүниежүзілік ЖИ адамзаттың өсіп-өркендеуі мен қауіпсіздігінің жаңа тетігі Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі Теміртауды кәріз суы басып жатыр: Әкімдік пен жауаптылар құр уәдеден асар емес Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі «Қиын жағдай»: Белгілі әншінің денсаулығы көпті алаңдатты Мемлекет басшысы: Дүниежүзілік ЖИ адамзаттың өсіп-өркендеуі мен қауіпсіздігінің жаңа тетігі Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі Теміртауды кәріз суы басып жатыр: Әкімдік пен жауаптылар құр уәдеден асар емес Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі

    Самат Смақов қазақстандық клубқа бас бапкер болуы мүмкін

    Самат Смақов қазақстандық клубқа бас бапкер болуы мүмкін

    Фото: tengrinews.kz

    Ол «Астана» клубының техникалық директоры қызметін де атқарған.
    Жуырда Смақовтың Жетісу облысының әкімімен кездескені белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы KazFootball.kz-ке сілтеме жасап.

    45 жастағы қазақстандық маман Талдықорған қаласына арнайы аялдап, Жетісу облысының әкімімен жолыққан. Бейресми дерек бойынша, кездесу барысында оны команданың бас бапкері ретінде бекіткен. Осылайша, Смақов Талдықорғанның «Жетісу» клубының бас бапкері болып тағайындалуға жақын.

    Бұған дейін Самат Смақов «Астана» клубының техникалық директоры болды. Былтыр Семейдің «Елімай» клубын премьер-лигаға шығарғаны футболсүйер қауымға таныс.

    Ойыншы ретінде қазақстандық маман «Елімай», «Ертіс», «Жеңіс», «Қайрат», «Ақтөбе», «Ордабасы» секілді қазақстандық клубтармен қатар, «Ростсельмаш» (Ресей), «Ризеспор» (Түркия) сияқты шетелдік клубтарда доп теуіп, өзін жақсы қырынан көрсетті. Сонымен қатар, С.Смақов – Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ең көп ойын өткізген рекордшы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →