Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты •

    Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы: ЭЫДҰ мониторингін аяқтады

    Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы: ЭЫДҰ мониторингін аяқтады

    ЭЫДҰ Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына 5-раундтық мониторинг жүргізді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Стамбұл іс-қимыл жоспары аясында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына 5-раундтық мониторинг жүргізуді аяқтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Бұл не үшін маңызды? ЭЫДҰ елдерге өз заңнамасының тиімділігін бағалауға және экономиканың ашықтығы мен тұрақтылығын арттыру үшін үздік тәжірибелерді енгізуге көмектеседі. Мониторинг барысында корпоративтік басқару, сатып алулардың ашықтығы және квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес секілді маңызды салалар қарастырылды. Бұл процеске «Самұрық-Қазына» АҚ және оның ірі портфельдік компаниялары белсенді қатысты. ЭЫДҰ сарапшылары «Самұрық-Қазына» қорының корпоративтік басқаруды жақсарту бойынша күш-жігерін жоғары бағалады. Қордың негізгі компаниялары халықаралық стандарттарға сай корпоративтік кодекстер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламаларын енгізді. Директорлар кеңесінің құрамында тәуелсіз мүшелердің үлесі үштен бір бөліктен асып, шешім қабылдаудың объективтілігі қамтамасыз етілді. Сатып алулар саласында да «Самұрық-Қазына» жоғары ашықтық деңгейін көрсетті.

    Zakup.sk.kz порталы арқылы сатып алу процестерін автоматтандыру тендерлер мен келісімшарттар туралы ақпаратқа толық қолжетімділікті қамтамасыз етті. Сондай-ақ шағымдар жүйесі, Бас прокуратурамен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен серіктестік сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға ықпал етуде.  Бұл Қазақстан үшін өте маңызды есеп.

    Фото: belgoturk.tv

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →