Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты •

    Бокстан Азия чемпионаты: Бесінші жарыс күні кімдерге сенім артамыз

    Бокстан Азия чемпионаты: Бесінші жарыс күні кімдерге сенім артамыз

    Фото: Спорт және туризм министрлігі

    Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында бесінші жарыс күні Қазақстаннан бес спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта екінші жекпе-жегін өткізеді.

    Рингке екінші жұпта шығатын Дулат бұл жолы малайзиялық Ариф Айман Мухаммадпен жұдырықтасады.

    Сондай-ақ 1/8 финалда Абылайхан Жүсіпов пен түркменстандық Байрамдурды Нұрмұхамедов (71 кг), Диас Молжігітов пен жапониялық Дайга Сунага (75 кг) рингте қай мықтыны анықтайды.
    Әйелдер арасында Әйгерім Сәттібаева (48 кг) Филиппин өкілі Офелия Маньомен, Сымбат Әлиасқар (54 кг) қытайлық Вен Шан Хумен қолғап түйістіреді.

    Олардың қай-қайсысы да қарсыласын жеңсе, жартылай финалға шығып, кемінде қола жүлдеге ие болады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →