Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Трамп Иранға әскери шабуылдың орнына экономикалық қысымды күшейтуге дайын Жұлдыз Әбдікәрімова әйел тағдыры мен ана махаббаты туралы ой бөлісті Қазақстанда 10 тамызда ауа райы құбылмалы болады Қазақстанда апта ішінде ауа райы құбылмалы: оңтүстікте +44°C, солтүстікте жаңбыр Атыраудағы ұстау сәті видеоға түсті: полиция түсініктеме берді Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Трамп Иранға әскери шабуылдың орнына экономикалық қысымды күшейтуге дайын Жұлдыз Әбдікәрімова әйел тағдыры мен ана махаббаты туралы ой бөлісті Қазақстанда 10 тамызда ауа райы құбылмалы болады Қазақстанда апта ішінде ауа райы құбылмалы: оңтүстікте +44°C, солтүстікте жаңбыр Атыраудағы ұстау сәті видеоға түсті: полиция түсініктеме берді Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты

    Қазақ студенті Мәскеуде өткен халықаралық байқауда бірінші орын алды

    Қазақ студенті Мәскеуде өткен халықаралық байқауда бірінші орын алды

    Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Вокалдық өнер» кафедрасының 4-курс студенті Нұрсұлтан Әнуарбек Мәскеуде өткен XXVIII Халықаралық «Романсиада-2024» орыс романсы байқауында бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Романсиада» – Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігінің қолдауымен өткізілетін маңызды байқау.

    Биыл бұл байқау 28-рет өтіп, ТМД елдері мен Еуропада аймақтық кезеңдері ұйымдастырылды.

    Осы кезеңдердің жеңімпаздары Мәскеуде өтетін финалға жолдама алды.

    Қазақстанда бұл байқау «Қазақ романсиадасы» атауымен Түркістан қаласында өтеді. Онда да Нұрсұлтан Әнуарбек жеңіске жеткен болатын.

    Нұрсұлтан Әнуарбек Италияда өткен «Caruso — De Curtis» халықаралық байқауында бірінші орын, сондай-ақ «Қазақ романсиадасы» байқауында Гран-при иегері. Басқа да көптеген беделді байқаулардың лауреаты.

    Сонымен қатар, ол бірнеше республикалық байқаулардың жүлдегері.

    Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →