Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан Кепілдіктен бас тарту: Неге мемлекет зейнетақы жинағын инфляциядан қорғауды тоқтатты және бұл миллиондаған қазақстандыққа не әкеледі? Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан Кепілдіктен бас тарту: Неге мемлекет зейнетақы жинағын инфляциядан қорғауды тоқтатты және бұл миллиондаған қазақстандыққа не әкеледі?

    Антикор Kazakh Tourism-ді тексере бастады

    Антикор Kazakh Tourism-ді тексере бастады

    Антикор туризм саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық департаменттері заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында туризм саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады.

    Талдау Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ мен жергілікті атқарушы органдардың қызметін қамтиды.

    Ұлттық туристік өнімді қалыптастыру және оны халықаралық және ішкі нарықта ілгерілету, туристік қызмет саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, бюджетті жоспарлау және игеру, туристік саланы субсидиялау және бюджеттік кредиттеу мәселелерін зерделеу жоспарланып жатыр.

    Агенттіктің аумақтық департаменттерінің қызметкерлерінен басқа талдауға мүдделі мемлекеттік органдардың сарапшылары мен азаматтық қоғам өкілдері тартылады.

    «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат немесе осы саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда электронды поштаға жіберулеріңізді сұраймыз turehanova.a@antikor.gov.kz», — делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →