Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті Қазақстан Президенті Қырғызстандағы жаңа елшіні қабылдады Астанада салынып жатқан ғимараттың шатырындағы өрт толық сөндірілді Алматыдағы резонанстық ЖКО бойынша блогер Молдаханға үкім шықты Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді Президент Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастыру барысымен танысты Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті Қазақстан Президенті Қырғызстандағы жаңа елшіні қабылдады Астанада салынып жатқан ғимараттың шатырындағы өрт толық сөндірілді Алматыдағы резонанстық ЖКО бойынша блогер Молдаханға үкім шықты Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді Президент Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастыру барысымен танысты

    Алматыда үшем дүниеге келді

    Алматыда үшем дүниеге келді

    Алматы қаласының №2 қалалық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    38 жастағы қала тұрғыны кесар тілігі арқылы үш қыз дүниеге әкелген. Ота сәтті өткен, жаңа туған нәрестелердің салмағы: 1970 грамм, 1990 грамм, 1960 грамм.

    2013, 2018 және 2019 жылдары үш баласын дүние әкелген ананың бұл — төртінші жүктілігі.

    «Сәбилер дүниеге келгеннен кейін жансақтау бөлімінде бірнеше күн жатып, қажет ем алды. Қазір олар аналарымен бірге палатаға ауыстырылды, жағдайы жақсы», — деді неонатология бөлімінің меңгерушісі Айнұрым Сарбас.

     

    Үшемнің анасының айтуынша, алғашқы скрининг кезінде бірден үш сәби екенін білген.

    «УДЗ дәрігері менде үш эмбрион бар дегенде таңғалдым. Біздің әулетімізде әжемнің тарапында егіз болған, бірақ ешкімде үшем болған емес.

    Анализдерім жақсы болмағандықтан, осы перинаталдық орталыққа, патология бөліміне түстім. Дәрігерлердің күш-жігерінің арқасында балалардың салмағы қанағаттанарлық болғанда, кесарь тілігін жасауды ұйғарды. Енді отбасымызда бес қыз, бір ұл болды. Өте қуаныштымыз!» — деді бақытты ана.

    Айта кетейік, биыл 10 айда Алматыда 39 750 бала дүниеге келді, оның 445-і — егіз, 8-і — үшем.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →