Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды

    Алматыда жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

    Алматыда жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

    Алматыда жеке сот орындаушысы әлеуметтік маңызды санаттағы істердің өндіріп алу бағыты бойынша бірқатар заңбұзушылыққа жол берген. Бұл туралы қала прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Ведомстводан атап өткендей, алимент өндіріп алуға байланысты 6 атқарушылық іс жүргізу кезінде заңбұзушылықтар анықталды.

    «Сот орындаушысы іс жүргізулерді бір өңірден екінші өңірге негізсіз жолдай отырып, жасанды жолмен созған. Сондай-ақ, бұғаттауларды заңсыз алып тастау, берешектерді өндіріп алу бойынша шараларды уақтылы қабылдамау және уәкілетті органдардың талаптарын елемеу жағдайлары анықталды», – делінген прокуратура хабарламасында.

    Алатау ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша Алматы қалалық сотының қаулысымен жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды.

    Фото: pexels.com

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →