Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты •

    Екі студентті ұрған: Шымкентте күдікке ілінген колледж директорының орынбасары жұмысынан шеттетілді

    Екі студентті ұрған: Шымкентте күдікке ілінген колледж директорының орынбасары жұмысынан шеттетілді

    Шымкентте екі студентті соққыға жықты деген күдікке ілінген колледж директорының орынбасары мен дене шынықтыру мұғалімдері қызметінен шеттетілді. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Шымкентте колледжде оқитын екі студент «завуч» пен дене шынықтыру мұғалімдерінен таяқ жегенін айтып шағымданған. Студенттердің әлеуметтік желіде қалдырған пікірі директордың орынбасарына ұнамаған сыңайлы. Жәбірленушілердің айтуынша, директордың орынбасары оларды колледждің жертөлесіне кіргізіп, соққыға жыққан. Жертөледе дене шынықтыру мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары да болыпты.

    Мәжіліс кулуарында оқу-ағарту министрі тергеу жүріп жатқанын, бұл іс қатаң бақылауда екенін айтты. Ал күдікке ілінген «завуч» пен мұғалімдер қызметінен шеттетілген.

    «Қазір тиісті шаралар қабылданды. Осыған байланысты тергеу аяқталғанға дейін олар жұмысынан аластатылды», — деді Бейсембаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →