Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті Қазақстан Президенті Қырғызстандағы жаңа елшіні қабылдады Астанада салынып жатқан ғимараттың шатырындағы өрт толық сөндірілді Алматыдағы резонанстық ЖКО бойынша блогер Молдаханға үкім шықты Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді Президент Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастыру барысымен танысты Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті Қазақстан Президенті Қырғызстандағы жаңа елшіні қабылдады Астанада салынып жатқан ғимараттың шатырындағы өрт толық сөндірілді Алматыдағы резонанстық ЖКО бойынша блогер Молдаханға үкім шықты Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді Президент Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастыру барысымен танысты

    Өскеменде 16 млн теңге жымқырған балабақша есепшісі сотталды

    Өскеменде 16 млн теңге жымқырған балабақша есепшісі сотталды

    Өскемен қаласында 16 млн теңге жымқырған балабақша есепшісі 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Қала прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 38 жастағы айыпталушыға шыққан сот үкімін тыңдауға басқа да мемлекеттік балабақшалардың есепшілері шақырылды.

    Белгілі болғандай, есепші ақшаны түрлі келісімшарттар бойынша тауарлар мен қызметтерге төлем ретінде көрсетіп, өзінің туыстары мен таныстарының банктік шоттарына аударып отырған. Осымен тоқтамай, мемлекеттік сатып алу жүйесінде жалған келісім-шарттар жасап, іс жүзінде орындалмаған міндеттемелерге ақша аудара бастаған.

    «Бұдан бөлек, жұмысын адал орындаған жеткізуші компанияларға «ақшаны сіздерге қателесіп аударып жібердім» деп өзінің заңға қайшы әрекеттерінде қолданып келген. Осылайша, есепші 16 млн теңгеге жуық қаражатты қалтаға басты», — делінген ақпаратта.

    Сот үкімі бойынша айыпталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қарауында кәмелеттік жасқа толмаған балалары болғандықтан оның жазасын өтеу мерзімі үш жылға кейінге шегерілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →