Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ақтөбе облысында балабақша есепшілері 54 млн теңгені жымқырған

    Ақтөбе облысында балабақша есепшілері 54 млн теңгені жымқырған

    Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданын «Балауса», «Гүлдер», «Шапағат», «Арай» атауы бар төрт балабақшаның есепшілеріне қатысты іс тергеліп, бір бухгалтер 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Ақтөбе облысының прокуратурасы хабарлағандай, «Шапағат» және «Арай» балабақшаларының бухгалтерлері ұрлаған 5 млн теңгелерін қайтарып беріп, қылмыстық іс тоқтаған.

    «Ал, «Балауса» және «Гүлдер» атты балабақшалардың бухгалтері 49 млн теңге қаражатты заңсыз иемденген.  Сот оны 7 жылға бас бостандығынан айырды», — деп хабарлайды Ақтөбе облысының прокуратурасы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →