Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада балабақша тәрбиешісі баланы ұрған болуы мүмкін — іс тергелуде Алматыда танысудан бас тартқан қызға су шашқан ер адам ұсталды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр Астанада балабақша тәрбиешісі баланы ұрған болуы мүмкін — іс тергелуде Алматыда танысудан бас тартқан қызға су шашқан ер адам ұсталды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр

    Қарағанды облысында жолаушы толы автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

    Қарағанды облысында жолаушы толы автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

    Қарағанды облысында 30 жолаушы мінген автобус пен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    E.karaganda порталының жазуынша, 22 қараша күні таңертең Қарағандыдағы 15-ші магистральде «Лада Приора» жеңіл көлігі мен «Ютонг» маркалы № 107 маршруттық автобус соқтығысты. Апат салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты. Осы көліктің жолаушысы мен автобус жүргізушісі ауруханаға жеткізілген.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің дерегінше, апаттан зардап шеккен екі адам Қарағанды медицина университетінің қабылдау бөлмесіне жеткізілген. «Лада Приора» жолаушысының жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

    «Екінші науқас, яғни автобус жүргізушісі тексерістен кейін амбулаториялық ем алуға жіберілді», — делінген хабарламада.

    Апат кезінде автобус ішінде 30 жолаушы болған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →