Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адамның аяғын ампутациядан сақтап қалды Гүлзира Айдарбекова заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адамның аяғын ампутациядан сақтап қалды Гүлзира Айдарбекова заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды

    Бірыңғай уақыт белдеуінің әсерін зерттеуге 160 млн теңге кетеді

    Бірыңғай уақыт белдеуінің әсерін зерттеуге 160 млн теңге кетеді

    Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Үшжылдық бюджетке арналған 160 млн теңге бойынша өтінім келіп түсті. Шындығында, бұл (сома) одан әлдеқайда аз болуы мүмкін. Меніңше, шамамен 90-100 млн теңгедей. Өйткені біз конкурс жариялаймыз, ал ұлттық ғылыми кеңес зерттеудің нақты құнын анықтайтын болады», — деді министр тілшілердің сауалына берген жауабында.

    Саясат Нұрбек зерттеу қалай жүргізілетін болады деген сауалға да жауап берді.

    «Оның алгоритмі бар. Алайда мен оны нақты білмеймін, себебі өтінім әлі өңделмеді. Конкурс өткен жағдайда онымен танысатын боламыз. Оған бірнеше институт қатысатын болады. Оның ішінде физиология, география институттары бар. Ол сауалнама түрінде емес, нақты зерттеу түрінде жүргізілуі мүмкін», — деді Ғылым және жоғары білім министрі.

    Журналистер ақша далаға кетпей ме деп нақтылады.

    Министр қоғамның тарапынан сұрау түскеннен кейін ведомство оған жауап қайтаруға тиісті екенін айтты.

    «Денсаулық сақтау министрлігі тиісті бастамамен шықты. Біз ғылыми гранттарға грант беретін ұйым ретінде оны қолдадық», — деді Саясат Нұрбек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →