Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    ҚФФ Президенті Әділет Барменқұлов орнын босатты

    ҚФФ Президенті Әділет Барменқұлов орнын босатты

    Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетеді. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат порталы Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бүгін федерацияда кезектен тыс жиын өтіп, Әділет Барменқұлов қызметінен кететінін айтқан.

    Әділет Барменқұлов ҚФФ-ға 2022 жылы президент болып сайланған еді. Ол Әділбек Жақсыбековті алмастырған болатын. Оның тұсында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу кезеңінде тәуір өнер көрсетіп, жолдама алуға жақын қалды. Алайда шешуші сәтте Магомед Адиев жаттықтырған құрама Словенияға есе жіберді. Кейін қосымша ойында Грекияға жол берді.

    Фото: inbusiness.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →