Тоқаев Албания Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Албания Президенті Байрам Бегайды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, екіжақты ықпалдастықтың нығая түсетініне сенім білдірді.
Фото: Wikimedia Commons (Masato Kanda, CC BY 4.0; Quirinale, Attribution)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Албания Президенті Байрам Бегайға Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жолдады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты ықпалдастық алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.
Сонымен қатар Президент Байрам Бегайға жауапты мемлекеттік қызметінде толайым табыс, ал Албания халқына бақ-береке тіледі.
