Мария Севостьянова Астанадағы Гран-при финалында бірінші айналымда жеңілді
Қазақстандық таеквондошы Мария Севостьянова Астанадағы Гран-при финалының алғашқы белдесуінде бразилиялық Мария Клара Пачекоға 0:2 есебімен жеңілді.
Сурет: sports.kz
Астанада өтіп жатқан Гран-при сериясының финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасының таеквондошысы Мария Севостьянова алғашқы белдесуінде жеңіліс тапты.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Ол 57 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Бірінші қарсыласы Бразилиядан келген Мария Клара Пачеко болды.
Севостьянова екі раундта 0:2 есебімен жеңіліп, турнир медалі үшін күрестен шығып қалды.
Бұған дейін жарыстың бастапқы кезеңінде Рита Бакишева (49 килограммға дейін) де жеңіліс тапқанын еске саламыз.
