Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 28 қараша 2026 $ 458,0↓€ 502,6↓₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жамбыл облысы ТЖД актриса Дариға Бадықованы салтанатпен қарсы алғаны үшін сынға қалды • Қазақстандық шахматшылар түркі елдері чемпионатында төрт медаль алды • Қайрат Нұртас Атырауда әкесімен бірге сахнаға шықты • Жұлдыз белгісі бойынша есте сақтау қабілеті: Торпақ пен Арыстан 10/10, Мерген 2/10 • Геннадий Головкин Өзбекстанда өтетін World Boxing әлем кубогының финалына қатысады • Путинцева Санкт-Петербургтегі турнирде жолдастық кездесуде жеңілді • Жамбыл облысы ТЖД актриса Дариға Бадықованы салтанатпен қарсы алғаны үшін сынға қалды • Қазақстандық шахматшылар түркі елдері чемпионатында төрт медаль алды • Қайрат Нұртас Атырауда әкесімен бірге сахнаға шықты • Жұлдыз белгісі бойынша есте сақтау қабілеті: Торпақ пен Арыстан 10/10, Мерген 2/10 • Геннадий Головкин Өзбекстанда өтетін World Boxing әлем кубогының финалына қатысады • Путинцева Санкт-Петербургтегі турнирде жолдастық кездесуде жеңілді •

    Тоқаев: Алғашқы АЭС құрылысында «Росатом» жетекші рөл атқарады

    Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің энергия сұранысын арттыратынын айтып, бірнеше АЭС салу шешімін және «Балқаш» станциясында «Росатомның» жетекші рөлін мәлімдеді.

    Тоқаев: Алғашқы АЭС құрылысында «Росатом» жетекші рөл атқарады

    Сурет: madeniportal.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің қарқынды дамуы электр энергиясына деген сұранысты арттыратынын айтты. Осыған байланысты Қазақстанда бірнеше атом электр станциясын салу туралы стратегиялық шешім қабылданғанын атап өтті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Президенттің сөзінше, энергетикалық ресурстардың қолжетімділігі мен электр желілерінің сенімділігі технологиялық бәсекеге қабілеттіліктің негізгі алғышартына айналады.

    «Халықаралық энергетика агенттігінің болжамы бойынша 2030 жылға қарай әлемдегі деректерді өңдеу орталықтары 950 миллиард киловатт-сағатқа дейін электр қуатын тұтынуы мүмкін. Бұл – 2024 жылғы деңгеймен салыстырғанда екі есе жоғары. Мұндай жағдайда энергетикалық ресурстардың қолжетімділігі, электр желілерінің сенімділігі және оны тиімді қолдану технологиялық бәсекеге қабілетті болудың негізгі алғышарты саналады. Сондықтан Қазақстан бірнеше атом электр станциясын салу туралы стратегиялық шешім қабылдады. Ресеймен серіктестік негізінде салынатын алғашқы «Балқаш» станциясының құрылысында «Росатом» корпорациясы жетекші рөл атқарады», – деді Мемлекет басшысы.

    Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықтың стратегиялық маңызына тоқталды.

    «Омбыда өткен Өңіраралық ынтымақтастық форумында жүк тасымалын жетілдіруге, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын басқаруға арналған қазақстандық Smart Cargo және AI Jol жобалары таныстырылды. Қазан айында елдеріміз арасында электронды жүкқұжатты пайдалану арқылы автокөлікпен жүк тасымалдау пилоттық режимде сәтті ұйымдастырылды. Басқаша айтқанда, көлік байланыстарын одан әрі цифрландырудың барынша берік негізі қаланды. Енді ұлттық ақпараттық жүйелерді өзара үйлестіріп, осындай инновациялық шешімдерді іс жүзінде қолданған жөн. Бұл – оңай міндет емес, бірақ екі жақ шын ниетпен кіріссе, шешілетін мәселе. Келешекте Қазақстан мен Ресей арасында толыққанды цифрлық көлік дәлізін қалыптастыруға болар еді. Бүгін көрмеде екі елдің жүк тасымалы саласындағы ықпалдастығы алдағы уақытта қалай өрбитіні таныстырылды. Келешегінен көп үміт күтеміз. Табиғаттың өзі сыйға тартқан артықшылығымызды ескерсек, көлік-логистика саласын дамытуда ерен жетістіктерге жете аламыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →