Овечкин НХЛ-дегі мұзда өткізген уақыты бойынша антирекорд орнатты
«Вашингтон» өз алаңында «Флоридаға» 2:3 есебімен жеңілді. Александр Овечкин мұзда 7 минут 50 секунд қана өткізіп, мансабындағы антирекорд орнатты.
Сурет: sports.kz
Ұлттық хоккей лигасының (НХЛ) тұрақты чемпионатында «Вашингтон Кэпиталз» өз алаңында «Флорида Пантерз» клубымен кездесті. Бұл матчта астаналық команда 2:3 есебімен жеңіліс тапты.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Вашингтонның» капитаны Александр Овечкин бұл ойында мұзда 7 минут 50 секунд қана өткізді. The Hockey News басылымының авторы Уэсли Браун атап өткендей, бұл — Овечкиннің жарақат алмаған және ойын соңына дейін алаңнан қуылмаған матчтарындағы ең төмен көрсеткіші.
Басылым капитанның ойын уақытының қысқаруын «Вашингтонның» буындар құрамындағы үздіксіз өзгерістермен және ойыншылар арасындағы жүктемені бөлумен байланыстырады. Оның отандасы Иван Мирошниченко болса мұзда 11 минут 37 секунд өткізіп, бір нәтижелі пас берді, қақпаға үш рет дәл соқты және төрт күш қолдану тәсілін жасады.
«Вашингтон» ойын барысында 2:1 есебімен алда тұрды, алайда үшінші кезеңнің соңғы бес минутында екі гол жіберіп алды. Бұл жеңіліс команда үшін соңғы жеті матчтағы алтыншы болды.
