Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 28 қараша 2026 $ 458,0↓€ 502,6↓₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жамбыл облысы ТЖД актриса Дариға Бадықованы салтанатпен қарсы алғаны үшін сынға қалды • Қазақстандық шахматшылар түркі елдері чемпионатында төрт медаль алды • Қайрат Нұртас Атырауда әкесімен бірге сахнаға шықты • Жұлдыз белгісі бойынша есте сақтау қабілеті: Торпақ пен Арыстан 10/10, Мерген 2/10 • Геннадий Головкин Өзбекстанда өтетін World Boxing әлем кубогының финалына қатысады • Путинцева Санкт-Петербургтегі турнирде жолдастық кездесуде жеңілді • Жамбыл облысы ТЖД актриса Дариға Бадықованы салтанатпен қарсы алғаны үшін сынға қалды • Қазақстандық шахматшылар түркі елдері чемпионатында төрт медаль алды • Қайрат Нұртас Атырауда әкесімен бірге сахнаға шықты • Жұлдыз белгісі бойынша есте сақтау қабілеті: Торпақ пен Арыстан 10/10, Мерген 2/10 • Геннадий Головкин Өзбекстанда өтетін World Boxing әлем кубогының финалына қатысады • Путинцева Санкт-Петербургтегі турнирде жолдастық кездесуде жеңілді •

    Тоқаев: TikTok адамның миын өлтіреді

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі форумда TikTok әлеуметтік желісін сынға алып, оны «адамның миын өлтіретін қорқынышты нәрсе» деп атады.

    Тоқаев: TikTok адамның миын өлтіреді

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев TikTok әлеуметтік желісін қатаң сынға алып, оны «адамның миын өлтіретін қорқынышты нәрсе» деп атады. Бұл пікірді ол Мәскеуде өткен форумда айтты. Президенттің пайымынша, платформа әсіресе жастардың зияткерлік қабілетіне кері ықпал етеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бұл мәлімдеме «Сбер» банкінің «Жасанды интеллект әлеміне саяхат» (AI Journey 2026) халықаралық конференциясы аясында жасанды интеллект саласында еңбек етіп жүрген дарынды жастармен кездесу кезінде жасалды. Іс-шара Ресей астанасы Мәскеуде өтіп жатыр.

    Кездесу барысында мемлекет басшысы адамдардың заманауи гаджеттерді қалай пайдаланатыны жөнінде ойын білдірді. Оның айтуынша, бүгінде көпшілік смартфонның мүмкіндіктерін толық пайдаланбайды. Көп адам телефонды тек қоңырау шалу, хабарлама алмасу немесе видео көру үшін ғана қолданады.

    Президент мұндай тәсілдің орнына цифрлық технологияларды тиімді пайдаланып, одан пайда табуға болатынын атап өтті.

    Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда «халықтық цифрлық экономиканы» қалыптастыру бағытына тоқталды. Оның пікірінше, смартфонды дұрыс әрі орынды пайдалана білсе, оны заңды табыс табудың тиімді құралына айналдыруға болады.

    «Смартфонды дұрыс әрі шебер пайдалану арқылы, шартты түрде айтқанда, ауылда немесе шағын елді мекенде отырып-ақ ақша табуға болады. Ол үшін сол жерде интернет болуы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Бұған дейін Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге барғаны туралы жазған едік. Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайдан Ресей Үкіметінің ресми тұлғалары мен Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев қарсы алды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →