Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жекеменшік мектептерді қаржыландыру цифрландырылды Тоқаев тапсырмасы: цифрлық бақылау бюджеттен 12 млрд теңгенің негізсіз жұмсалуына жол бермеді Cолтүстік Қазақстанда 38 жастағы ер адам көз жұмды Даниялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын сынап тастады «Сахнада сипап тұрады»: Жеңіс Ысқақова жастарды сынап тастады Бір жыл бойы бітелмеген шұңқыр: Семей тұрғындары әкімдіктен жолды жөндеуді талап етті Жекеменшік мектептерді қаржыландыру цифрландырылды Тоқаев тапсырмасы: цифрлық бақылау бюджеттен 12 млрд теңгенің негізсіз жұмсалуына жол бермеді Cолтүстік Қазақстанда 38 жастағы ер адам көз жұмды Даниялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын сынап тастады «Сахнада сипап тұрады»: Жеңіс Ысқақова жастарды сынап тастады Бір жыл бойы бітелмеген шұңқыр: Семей тұрғындары әкімдіктен жолды жөндеуді талап етті

    «Тіке айтам»: Байзақова күйеуінің ұсыныс жасауына қатысты шындықты айтты

    «Тіке айтам»: Байзақова күйеуінің ұсыныс жасауына қатысты шындықты айтты

    Атышулы блогер Айжан Байзақова желіде оқырмандарымен тілдесіп, жеке өміріне қатысты ел білмейтін жайтты ақтарды. Желі жұлдызы сүйіктісі өзіне шын мәнінде қалай ұсыныс жасағанын айтты, деп жазады Qazaq.today ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

    Айжан Байзақова Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ашып, желі қолданушыларымен сырласты. Актриса жолдасын үйленуге ұсыныс жасауға қалай жігерлендіргенін айтып берді. «Біздің жағдайда бәрін өз қолыма алдым. Бір жыл кездестік. Жетер дедім.

    «Үйленесің ба? Үйлен. Ұсыныс жаса, бір-бірімізді жақсы танып білдік. Созып жүрудің қажеті жоқ» деп тікке айттым. Маған құр кездесіп жүрген қызық емес болды. Менің балам бар. Жігітке деген уақытым жоқ. Нұрбекті күйеуім ретінде көрдім. Сол себепті күткім келген жоқ. Ер адамдар үйленбей жүз жыл жүре береді», — деп жауап берді желі жұлдызы.

    Оған қоса блогер сүйіктіңіздің кемшіліктеріне барынша көз жұму керектігін жеткізді.

    «Кейбірі ойынқұмар, қол көтереді, көзге шөп салады. Бұл әрекеттерді кешіруге болмайды. Ал қалғанына көз жұма салуға тырысу керек», — деп жазды Байзақова.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →