Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Шерзаттың өлімі: қылмыстық іс бес бап бойынша тергеліп жатыр

    Шерзаттың өлімі: қылмыстық іс бес бап бойынша тергеліп жатыр

    16 жасар Шерзат Болаттың ісі бойынша Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    «Талғар қаласында болған Шерзат Полаттың өліміне қатысты Алматы облысының Полиция департаменті Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіру), 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық), 115-бабы (Қорқыту), 432-бабы (Қылмысты жасырып қалу) және 434-бабымен (Қылмыс туралы хабарламау) қылмыстық істер тіркеліп, тергеліп жатыр. Тергеу барысы менің жеке бақылауымда, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері де жұмыс істеуде», — делінген министрдің жауабында.

    Ведомство басшысының дерегінше, қазір қасақана кісі өлтіруге қатысты күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам соттың санкциясымен қамауға алынды.

    Ержан Сәденов тергеу жалғасып жатқанын баса айтты.

    «Оның барысында оқиға болған жерде болған басқа да адамдардың қатыстылығы тексеріліп, әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Жалпы қазір еліміздегі криминогендік ахуал тұрақты», — деді Ішкі істер министрі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →