Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ретриттер әлемі: үнсіздік, қараңғылық және жабайы табиғат сынағы • Қаржы нарығын реттеу агенттігі 11 банкте қарыз жүктемесін тексеруді бастады • 3 қарашада бірнеше облыста тұман, көктайғақ және өрт қаупі сақталады • Алексей Чуркин Нинбодағы әлем чемпионатында төртінші орын алды • 9-11 сынып оқушылары арасында қаржылық сауаттылық олимпиадасы басталды • Қазақстан Әуе қорғаныс күштері екінші Airbus A400M Atlas ұшағын алды • Ретриттер әлемі: үнсіздік, қараңғылық және жабайы табиғат сынағы • Қаржы нарығын реттеу агенттігі 11 банкте қарыз жүктемесін тексеруді бастады • 3 қарашада бірнеше облыста тұман, көктайғақ және өрт қаупі сақталады • Алексей Чуркин Нинбодағы әлем чемпионатында төртінші орын алды • 9-11 сынып оқушылары арасында қаржылық сауаттылық олимпиадасы басталды • Қазақстан Әуе қорғаныс күштері екінші Airbus A400M Atlas ұшағын алды •

    “Қайтем енді, көндік“. Мәдина Сәдуақасова отбасылық өмірдегі өкінішін бөлісті

    “Қайтем енді, көндік“. Мәдина Сәдуақасова отбасылық өмірдегі өкінішін бөлісті

    Танымал әнші Мәдина Сәдуақасованың келін, жар атанғанына биыл он жыл болды. Әнші Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болман, Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали сияқты той жасағысы келетінін, алайда бұл мүмкін емес екенін айтты, — деп хабарлайды Qazaq.today сайты  Massaget.kz сілтеме жасап.

    Бұл туралы ол Revue News бағдарламасына берген сұхбатында сөз қозғады.

    Әдетте ерлі-зайыптылар атаулы датаға орай неке жаңғыртып, той жасайды. Жақында тұрмысқа шыққанына он жыл толатын Мәдина Сәдуақасова той тойлауды, жиын өткізуді жақсы көретінін, алайда күйеуі мұндайға көңіл аудармайтынын жеткізді.

    «Бізде мұндай той болмайды-ау. Әрі кетсе үйде тойлануы мүмкін. Ал бірақ менің ішімде «әттең» деген ой бар. Себебі мен осындай жиын-тойды жақсы көремін. Бүкіл достарыңды, жақындарыңды, әріптестеріңді жинап, у-шу болып, осындай той жасаған ұнайды маған. Қайтем енді? Он жылым бекерге кетті. Ешқандай нәтиже алып келген жоқ. Сондықтан соңында «жарайды енді, көндік» дейді екенсің», — деп ағынан жарылды әнші.

    Айта кетейік, Мәдина Сәдуақасова Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің үйлену тойына да жалғыз келген. Тойға шақырылған қонақтардың тізімінде күйеуінің де есімі болғанымен, тойға келмепті. Мұның себебін Мәдина Сәдуақасова күйеуінің әлі де болса жұлдызды отырыстарға бой үйретпегенімен түсіндірді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →