Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесіп, көңіл айтты Дани Ольмодан Мбаппеге дейін: ӘЧ-2026 жартылай финалистерінің Қазақстанда ойнағандары кімдер? Ильхам Әлиев Президент Тоқаевқа Қарабақты қалпына келтіруге көмектескені үшін алғыс білдірді Қытай соттары ойын аккаунттарын мұраға қалдыруға рұқсат берді 14 шілдедегі ауа райы болжамы: солтүстікте дауыл мен найзағай, оңтүстікте күшті ыстық Шымкенттегі Нұрай Серікбай ісі: адвокат сот отырысын тікелей эфирде көрсетуді талап етті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесіп, көңіл айтты Дани Ольмодан Мбаппеге дейін: ӘЧ-2026 жартылай финалистерінің Қазақстанда ойнағандары кімдер? Ильхам Әлиев Президент Тоқаевқа Қарабақты қалпына келтіруге көмектескені үшін алғыс білдірді Қытай соттары ойын аккаунттарын мұраға қалдыруға рұқсат берді 14 шілдедегі ауа райы болжамы: солтүстікте дауыл мен найзағай, оңтүстікте күшті ыстық Шымкенттегі Нұрай Серікбай ісі: адвокат сот отырысын тікелей эфирде көрсетуді талап етті

Клубтарға 95,8 млрд теңге бөлінген: хоккей қаражатына 6 жылдан бері мониторинг жүргізілмеген

Клубтарға 95,8 млрд теңге бөлінген: хоккей қаражатына 6 жылдан бері мониторинг жүргізілмеген

Жеңілістен көз ашпаған «Барыс» хоккей клубы легионерлермен қоштасты. Осы өзгерістерге байланысты спорт журналисі Аслан Каженов Instagram-дағы парақшасында пікір білдірді. Оның айтуынша, хоккей клубтарына соңғы алты жылда 95 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Алайда ешқандай мониторинг жүргізілмеген, деп хабарлайды Qazaq.today. 

— Қазір «Барыс» хоккей клубындағы проблемалар жіті назарға алынды. Бәленбай жыл тапжылмай отырған басшысын алып, орнына қазақ маманын әкелді. Дәл солай «проходной двор» болып кеткен бас бапкердің лауазымын шетелдіктерден тазалап, өзімізің маманды қойды. Енді біртіндеп легионерлерді елдеріне қайтаруға кірісіп жатыр. Бірақ бұл шаруа біз ойлағандай оңай емес екен. Келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін клуб қожайындары аса ірі көлемде өтемақы төлеуге мәжбүр. Мәселен, шабуылшы Майкл Маклауд 92,5 миллион теңге, қорғаушы Уил Бутчер 107 миллион теңге, тағы бір қорғаушы Натан Болье 65 миллион теңге алған. Осылайша, астаналық клуб 3 шетелдік ойыншыға 265 миллион теңге жұмсаған. Бұл жөнінде «Трансферы КХЛ» Telegram-арнасына сілтеме жасап, «Бірінші бол» сайты мәлімдеді. Масқара… — дейді Аслан Каженов.

Оның айтуынша, антикор кейінгі 6 жылда хоккей клубтарына 95,8 млрд теңге ақша бөлгенін анықтаған. Ал бұл қыруар қаржының басым бөлігі «Барыс» клубына кеткен.

— Ешқандай мониторинг болмаған. Жемқорлыққа қарсы агенттік соңғы 6 жылда еліміздегі хоккей клубтарына 95,8 млрд теңге бөлінгенін анықтады. Басым бөлігі, әрине, «Барысқа» кетті. 48,9 млрд теңге. Оның жартысынан көбі ойыншылардың, әсіресе, шетелдік ойыншылардың жалақысына жұмсалған. Одан бөлек, өңірлерде хоккей клубтарын ұстау үшін 4-11 млрд теңге арасында ақша қарастырады. Мәселен, Қарағандыда 11,1 млрд теңге, Атырауда 6,5 млрд теңге, Көкшетауда 5 млрд теңге, Ақтөбеде 4,2 млрд теңге деген сияқты. Осылай кете береді. Барлығы – халықтың ақшасы. Өкінішітісі сол, мен айтқан соңғы 6 жылда ешқандай мониторинг болмаған. Яғни, әркім өз білгенін істеп келді. Әлі де істеп жатыр, — дейді журналист.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →