Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қызы жетім қалды»: Ақтөбеде ер адам бұрынғы әйелін тұншықтырып өлтірді • Назым Қызайбай Қазақстан чемпионатының финалында күтпеген жеңіліс тапты • Режиссер Ақан Сатаев Атыраудағы кардиология орталығында емделіп жатыр • Ташкентте уланған қарағандылық балалар Қазақстанға аман оралды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты: Гүлназ Бөрібаева алтын алды • «Себебін кейінірек айтамын»: Режиссер Ақан Сатаев ауруханаға түсті • «Қызы жетім қалды»: Ақтөбеде ер адам бұрынғы әйелін тұншықтырып өлтірді • Назым Қызайбай Қазақстан чемпионатының финалында күтпеген жеңіліс тапты • Режиссер Ақан Сатаев Атыраудағы кардиология орталығында емделіп жатыр • Ташкентте уланған қарағандылық балалар Қазақстанға аман оралды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты: Гүлназ Бөрібаева алтын алды • «Себебін кейінірек айтамын»: Режиссер Ақан Сатаев ауруханаға түсті •

    Діни басқарма Шерзаттың өлімінен кейін қазақстандықтарға үндеу жасады

    Діни басқарма Шерзаттың өлімінен кейін қазақстандықтарға үндеу жасады

    «Бейкүнә адамды өлтіру – барша адамды өлтіргенмен тең» делінген үндеуде.

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамдағы қатыгездік жағдайларға қатысты Қазақстан азаматтарына үндеу жариялады.

    «Соңғы кездері қоғамда болып жатқан түрлі қатыгездік оқиғалар бәрімізді қатты алаңдатуда. Оқушылардың жаппай төбелесі, жастар арасында өзіне қол жұмсау оқиғаларының жиі қайталануы, тұрмыстық қақтығыстың соңы өлімге ұласуы сынды ауыр жағдайлар жанымызға қатты батуда. Шын мәнінде Аллаға иман еткен пенде адам түгіл жануардың өзіне зиян тигізбеуі тиіс», – делінген үндеуде.

    ҚМДБ осы үндеу арқылы барша азаматты өзара бауырмал, кешірімді, мейірімді болуға және қатыгездік істерге жол бермеуге шақырған.

    «Шариғатымыз бойынша бейкүнә адамды өлтіру – барша адамды өлтіргенмен тең. Сондай-ақ біреуді өлімнен құтқару – барша адамды өлімнен құтқарып қалумен тең. Мұны жастарымыз жадында ұстап, өмірлік қағидасына айналдыруы қажет. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барша азаматты өзара бауырмал, кешірімді, мейірімді болуға үндей отырып, қатыгездік істерге жол бермеуге шақырады», – делінген ҚМДБ ресми сайтында.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →