Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
ХАМАС Газадағы азаматтық басқарудан бас тартады, бірақ қарулы қанаты сақталады Алматыда түнгі отбасылық жанжал өліммен аяқталды Қазақстандық жасөспірімдер түнгі клубтарда ұсталып жатыр Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті ХАМАС Газадағы азаматтық басқарудан бас тартады, бірақ қарулы қанаты сақталады Алматыда түнгі отбасылық жанжал өліммен аяқталды Қазақстандық жасөспірімдер түнгі клубтарда ұсталып жатыр Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті

Енді сынып жетекшілігі үшін төленетін ақы 30 пайызға дейін артуы мүмкін

Енді сынып жетекшілігі үшін төленетін ақы 30 пайызға дейін артуы мүмкін

Елімізде мұғалімдерге сынып жетекшілігі үшін төленетін қосымша ақыны 30 пайызға дейін арттыру мүмкіндігі қаралып жатыр. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Балалардың деструктивті мінез-құлқының алдын алу бойынша оқушылармен және олардың ата-аналарымен тікелей жұмыс істейтін 220 мың сынып жетекшінің қызметін жүйелеу мақсатында олардың қызметіне қатысты ереже және біліктілік сипаттамалары қайта қаралады. Олардың мәртебесін арттыру үшін бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, сынып жетекшілігі үшін қосымша ақыны кезең-кезеңмен 30 пайызға ұлғайту мәселесі талқыланып жатыр», — делінген жауапта.

Үкімет басшысының сөзінше, оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы кикілжіңдерді шешу үшін 2022 жылдан бастап медиация әдістерін енгізуге бағытталған «100 медиативтік мектеп» жобасы іске асырылып жатыр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика