Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Назым Қызайбай Қазақстан чемпионатының финалында күтпеген жеңіліс тапты • Режиссер Ақан Сатаев Атыраудағы кардиология орталығында емделіп жатыр • Ташкентте уланған қарағандылық балалар Қазақстанға аман оралды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты: Гүлназ Бөрібаева алтын алды • «Себебін кейінірек айтамын»: Режиссер Ақан Сатаев ауруханаға түсті • Ресейлік ауқатты кәсіпкер Қазақстан төлқұжатын алды • Назым Қызайбай Қазақстан чемпионатының финалында күтпеген жеңіліс тапты • Режиссер Ақан Сатаев Атыраудағы кардиология орталығында емделіп жатыр • Ташкентте уланған қарағандылық балалар Қазақстанға аман оралды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты: Гүлназ Бөрібаева алтын алды • «Себебін кейінірек айтамын»: Режиссер Ақан Сатаев ауруханаға түсті • Ресейлік ауқатты кәсіпкер Қазақстан төлқұжатын алды •

    «Мықты «ОПГ» болса, еститін едік қой»: Ардақ Назаров «Хутор» бандасы туралы ойын айтты

    «Мықты «ОПГ» болса, еститін едік қой»: Ардақ Назаров «Хутор» бандасы туралы ойын айтты

    Фото: parlam.kz

    Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров «Хутор» бандасы аталып кеткен топқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Егер мықты ОПГ (ред. – ұйымдасқан қылмыстық топ) болса, аты шыққан жігіттер болса, еститін едік қой. Қазақстанда тоқсаныншы жылдардағы аты шыққан жігіттерді бәріміз білеміз. Оның бәрі әлеуметтік желінің кесірінен, «сондай бандиттер болған деген сияқты» соларға тиеп жатқан болуы мүмкін. Көшеде кім төбелеспей жатыр қазір?», — деді Ардақ Назаров Мәжіліс кулуарында.

    Депутат Хасан Қасымбаевты танымайтынын баса айтты.

    Тілшілер мәжілісменнен «Хасанның ұйымдасқан қылмыстық тобы жоқ деп есептейсіз бе?» деп сұрады.

    «Менің хабарым жоқ. Егер аты шыққан өте мықты ОПГ болса, біз осы уақытқа дейін еститін едік қой. Желіге шыққан Шерзаттың өлімінен кейін барлығы соны Хасанға таңып жатыр, оның ОПГ-сы деген сияқты. Мұның бәрін құзыретті орган зерттеуі керек», — деп атап өтті Ардақ Назаров.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →