Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Айман Талғатқызы күйеуін сынаушыларға жауап берді • Қазақстанда мүше трансплантациясына сұраныс артып, посмерттік донорлық дамымай тұр • Шымкентте 12 миллион теңгеге Корея визасын рәсімдеу айыптауы бойынша әйел ақталды • Атырауда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі басталды • Оралда шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдікке айыппұл салынып, елден шығарылды • Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекет қатарына енді • Айман Талғатқызы күйеуін сынаушыларға жауап берді • Қазақстанда мүше трансплантациясына сұраныс артып, посмерттік донорлық дамымай тұр • Шымкентте 12 миллион теңгеге Корея визасын рәсімдеу айыптауы бойынша әйел ақталды • Атырауда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі басталды • Оралда шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдікке айыппұл салынып, елден шығарылды • Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекет қатарына енді •

    Әкім шаруаларға ескерту жасады: Павлодардағы өрт 6 мың гектарға жетті

    Әкім шаруаларға ескерту жасады: Павлодардағы өрт 6 мың гектарға жетті

    Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңірдегі шаруаларға кеңес берді, деп хабарлайды Qazaq.today тілшісі.

    Алдымен ол Баянауыл ұлттық табиғи паркіндегі өрттің жағдайына тоқталды.

    — Өрттің аумағы шамамен – 6 мың га. Қалың өскен шөп пен желдік екпіні (12-15 м/с) жағдайды күрделендіріп отыр. Оқиға орнында өңірлік жедел штабтың отырысын өткіздім. Тілсіз жаумен қарсы күреске барлық қажет күш тартылды: 310 адам, 51 арнайы техника, 2 тікұшақ, 3 ұшқышсыз ұшу аппараты. Қазір өрт оқшауланды, өртті сөндіру жалғысып жатыр. Өңірде зардап шеккендер мен құрбандар жоқ, — деп жазды Асайын Байханов Instagram-дағы парақшасында.

    Өрттің негізгі себебінің бірі – шөп шабу кезінде қолданылатын техникадағы ұшқын сөндіргіш құрылғының істемеуі. Сондықтан облыс әкімі шаруа қожалықтарына кеңес берді.

    — Барлық шаруа қожалығында міндетті түрде ұшқын сөндіргіш құрылғылар болуға тиіс. Сондай-ақ қолданыстағы техникаларды тексеруді, шаруашылықтар мен үйлердің, әсіресе шөп сақталатын орындардың айналасындағы жерді уақытында жыртуды сұраймын, — деді өңір басшысы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →