Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Айман Талғатқызы күйеуін сынаушыларға жауап берді • Қазақстанда мүше трансплантациясына сұраныс артып, посмерттік донорлық дамымай тұр • Шымкентте 12 миллион теңгеге Корея визасын рәсімдеу айыптауы бойынша әйел ақталды • Атырауда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі басталды • Оралда шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдікке айыппұл салынып, елден шығарылды • Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекет қатарына енді • Айман Талғатқызы күйеуін сынаушыларға жауап берді • Қазақстанда мүше трансплантациясына сұраныс артып, посмерттік донорлық дамымай тұр • Шымкентте 12 миллион теңгеге Корея визасын рәсімдеу айыптауы бойынша әйел ақталды • Атырауда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі басталды • Оралда шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдікке айыппұл салынып, елден шығарылды • Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекет қатарына енді •

    Айман Талғатқызы күйеуін сынаушыларға жауап берді

    Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде күйеуінің сырт келбетін сынаушыларға жауап беріп, адамды мазақ етуге ешкімнің құқығы жоқ екенін айтты.

    Айман Талғатқызы күйеуін сынаушыларға жауап берді

    Сурет: Әлеуметтік желіден

    Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде күйеуінің сырт келбетін сынап, оны кемсітетін пікір жазатындарға жауап қайтарды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ол адамды денсаулығына немесе сырт келбетіне қарап мазақ етуге ешкімнің құқығы жоқ екенін айтты.

    «Осы «жартыбас» деген сөзді жиі жазады адамдар. Сонда қалай? Бір қолы, аяғы, көзі жоқтарды да солай «жарты қол», «жарты аяқ» деп атай аламыз ба? Бұл не деген көргенсіздік? Алла денсаулықпен сынамасын ешкімді. Өзгені кемсітіп, мазақ қылуға ешкімнің құқығы жоқ. Ешкім мүгедек, ауру немесе соқыр боламын деп ойламайды, болғысы да келмейді», – деп жазды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →