Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте 12 миллион теңгеге Корея визасын рәсімдеу айыптауы бойынша әйел ақталды • Атырауда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі басталды • Оралда шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдікке айыппұл салынып, елден шығарылды • Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекет қатарына енді • Қазақстандағы туристік фестивальдер: мәдениет пен табиғат тоғысқан алаң • Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты • Шымкентте 12 миллион теңгеге Корея визасын рәсімдеу айыптауы бойынша әйел ақталды • Атырауда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі басталды • Оралда шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдікке айыппұл салынып, елден шығарылды • Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекет қатарына енді • Қазақстандағы туристік фестивальдер: мәдениет пен табиғат тоғысқан алаң • Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты •

    Шымкентте 12 миллион теңгеге Корея визасын рәсімдеу айыптауы бойынша әйел ақталды

    Шымкентте 12 миллион теңгеге Оңтүстік Корея визасын рәсімдеу айыптауы бойынша әйел ақталды. Сот алаяқтық құрамы жоқ деп тапты, үкім заңды күшіне енді.

    Шымкентте 12 миллион теңгеге Корея визасын рәсімдеу айыптауы бойынша әйел ақталды

    Фото: magnific.com

    Шымкентте 12 миллион теңге алаяқтық жасады деп айыпталған әйел ақталды. Айыптау нұсқасы бойынша, ол жәбірленушілерден Оңтүстік Кореяға бизнес-виза рәсімдеуге көмектесуге уәде беріп, ақша алған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының мәліметінше, 2025 жылдың тамызында М есімді қала тұрғыны бір әйел мен оның әпке-сіңлілеріне Оңтүстік Кореяға бизнес-виза алуға көмектесуге уәде берген. Айыптау нұсқасында әйел осы қызметі үшін 12 миллион теңге алғаны айтылған.

    Прокурор сотталушыны бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші де әйелді қатаң жазалауды талап етті. Ал айыпталушы өз кінәсін мойындамай, соттан өзін ақтауды сұраған.

    Сотта айыптау тарапы жәбірленушінің айғақтарын, қолхатты, бейнежазбаны және психологиялық-лингвистикалық сараптама қорытындысын дәлел ретінде ұсынды. Алайда сот бұл материалдар алаяқтық жасалғанын растамайтынын мәлімдеді.

    Сот мәліметінше, сарапшыларға небәрі 15 секундтық видео үзіндісі берілген. Онда 12 миллион теңгенің тапсырылғаны, қолхаттың жазылғаны немесе виза рәсімдеуге қатысты алдын ала келісім болғаны көрсетілмеген.

    Бұған қоса, әйелдер арасындағы 2025 жылғы шілде-тамыз айларындағы телефон арқылы хат алмасуда Оңтүстік Корея мен виза туралы бірде-бір мәлімет кездеспеген. Керісінше, жәбірленушінің алтын бұйымдар үшін берген ақшасын қайтаруды талап етіп, бірнеше рет қоңырау шалғаны және қорқытқаны тіркелген.

    Сот отырысында жәбірленушінің өзі де, оның әпке-сіңлілері де виза рәсімдеу үшін М-ға ешқандай құжат тапсырмағаны анықталды. Сондай-ақ жәбірленушінің әпке-сіңлілері сотталушымен бұрын кездеспеген және онымен виза мәселесін талқыламаған.

    Осы деректерді ескере отырып, сот әйелдер арасындағы даудың виза рәсімдеуге емес, бұрын сатып алынған алтын бұйымдардың ақысын төлеуге қатысты болғанын анықтады. Айыпталушының 12 миллион теңге алғанын дәлелдейтін нақты айғақтар да табылмаған.

    Нәтижесінде сот айыпталушы әйелді оның әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан ақтады.

    Үкім заңды күшіне енді.

    Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар TikTok арқылы Англиядағы жұмысқа орналастырамыз дегендерге алданып қалғаны туралы жазған едік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →