Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 21 шілде 2026 $ 471,2 539,1 6,02
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда ескі көліктерге кіру шектеуі енгізіледі Тұрсынбек Қабатов Жүрсін Ерман мен Димаш Құдайбергеннің кездесуіне қатысты пікір білдірді Халықаралық іздеу жарияланған үш Украина азаматы: бір миллиард долларлық онлайн-казино схемасы Құтқарушылар имидждік рилс түсіріп әлек: СҚО турғындары өртті трактормен және шүберекпен өздері өшіруге мәжбүр Ел халқы үшін қуанышты хабар шықты Мексикада Димаш Құдайбергенге ерекше құрмет көрсетілді Алматыда ескі көліктерге кіру шектеуі енгізіледі Тұрсынбек Қабатов Жүрсін Ерман мен Димаш Құдайбергеннің кездесуіне қатысты пікір білдірді Халықаралық іздеу жарияланған үш Украина азаматы: бір миллиард долларлық онлайн-казино схемасы Құтқарушылар имидждік рилс түсіріп әлек: СҚО турғындары өртті трактормен және шүберекпен өздері өшіруге мәжбүр Ел халқы үшін қуанышты хабар шықты Мексикада Димаш Құдайбергенге ерекше құрмет көрсетілді

    Түркістан облысында мектеп меңгерушісі жүкті мұғалімді ұрып, түсік тастатқан

    Түркістанның Шардара ауданында мектеп директорының орынбасары ұжымның көз алдында жүкті мұғалімді соққыға жыққан. Салдарынан аяғы ауыр келіншек түсік тастаған. Qazaq.Today бұл туралы Azattyq Rýhy ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Шардара ауданы Көксу ауылындағы мектепте үлкен дау туындады. Мектеп ұстазы директор орынбасарын соққыға жыққаны үшін айыптап отыр. Оның айтуынша мектеп директоры соққыға жыққаннан кейін ішіндегі баласын түсіріп алған.

    «Мен өз орнымда отырғанмын. Директор орынбасары келіп итеріп жібергеннен кейін ұшып түстім. Онымен де тоқтамай, шашымнан сүйреп, басымнан ұрды. Неше түрлі сөздер айтып, балағаттады. Мектепті үшке бітіріп, жезөкше болып жүрсің деген орынсыз сөздер айтты», — деді Көксу ауылындағы Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі Сандуғаш Жақыпова.

    Мұғалімдер жиналысында болған төбелеске ер мұғалімдердің де араласуына тура келіпті. Зардап шеккен әйелдің айтуынша өзін үйімен қоса өртеп жіберетінін айтып қорқытқан.

    Ал өзге мұғалімдер басшылықтан зәбір көріп отырғанын айтты. Олар мектепке тамыр-таныстық арқылы ғана жұмысқа орналастыратынын, ал өзіне ұнамағандарын жұмыстан шығарамын деп қорқытатынын жеткізді.

    «Ол оқу сағаттарын бөлу ісіне ылғи да араласады. Бәрін өз қалауымен жасағысы келеді. Ол араласпаған жер жоқ. Тіпті жеке басымызға қатысты шаруаларға да араласады. Мектеп директорының орынбасары Райгүл Мұсағалиева ұжымға өзі соққыға жыққан Сандуғашпен араласпауымызды бұйырды. Ал орындамаған жағдайда шара қолданатынын айтты», — дейді мектеп мұғалімі Бибігүл Исаева.

    Директор орынбасары Райгүл Мұсағалиева жиналыста болған жағдайды жоққа шығармады. Бірақ жүкті әйелдің түсік тастағанына еш қатысы жоқ екенін айтты. Ол өз сөзінде ұжымға шындықты тіке айтатын мінезі ұнамайтынын айтып өтті.

    «Мектептегі заңсыз әрекеттерді, коррупцияны тіке айтатын мінезім үшін ұжымға ұнамаймын. Мысалға бір-екі күндік жалақы ұстап қалынатыны, мектептің жөндеу жұмысы туралы, сол сияқты вакансияның жоқтығы», — деді директор орынбасары Райгүл Мұсағалиева.

    Жүкті мұғалімді ұрғаны үшін Райгүл Мұсағалиева 60 мың теңге айыппұлмен ғана құтылып кетті. Ал 100-ге тарта мұғалім облыстың білім басқармасына шағым түсіруге бекініп отыр. Олар қазіргі директор орынбасарын қызметінен алып тастауды талап етпек. Өз кезегінде Шардараның білім бөлімінде мектеп басшысын қорлағаны үшін мұғалімді сотқа бергендерін мәлімдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →