Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Бензин құю кезінде күйіп қалған ақтөбелік жұмысшы көз жұмды

    Бензин құю кезінде күйіп қалған ақтөбелік жұмысшы көз жұмды

    Фото: видеоан скрин

    Ақтөбе облысында теміржол бойында бензин құю кезінде өрт шығып, ауыр күйік алған екі жұмысшының бірі қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Қайғылы жағдай туралы марқұмның қызы Алмагүл Қасымова әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оқиға 13 қазанда Қорғаныш орман екпелері дистанциясының өндірістік учаскесінде болған.

    Жұмысшылар 200 литрлік бөшкеде қалған АИ-92 маркалы бензинді басқа ыдысқа құйып жатқанда, кенеттен өрт шыққан. Салдарынан екеуі де түрлі дәрежеде күйік алған. Марқұм Жұбандық Дүйсенбаевтың денесінің 80 пайызы күйіп қалған.

    Алмагүл Қасымованың айтуынша, отбасы оқиға туралы бірнеше сағат өткен соң ғана хабардар болған. Ол әкесінің жүргізуші болып жұмыс істегенін және бензин құю оның қызметтік міндетіне кірмейтінін айтқан еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →