Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте 12 миллион теңгеге Корея визасын рәсімдеу айыптауы бойынша әйел ақталды • Атырауда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі басталды • Оралда шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдікке айыппұл салынып, елден шығарылды • Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекет қатарына енді • Қазақстандағы туристік фестивальдер: мәдениет пен табиғат тоғысқан алаң • Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты • Шымкентте 12 миллион теңгеге Корея визасын рәсімдеу айыптауы бойынша әйел ақталды • Атырауда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі басталды • Оралда шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдікке айыппұл салынып, елден шығарылды • Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекет қатарына енді • Қазақстандағы туристік фестивальдер: мәдениет пен табиғат тоғысқан алаң • Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты •

    Жылдамдықты асырған: Ақтөбеде шұңқырға кептеліп қалған жүргізуші 560 отбасын газсыз қалдырды

    Жылдамдықты асырған: Ақтөбеде шұңқырға кептеліп қалған жүргізуші 560 отбасын газсыз қалдырды

    Ақтөбеде көлік шұңқырға түсіп кетіп, салдарынан газ құбырлары бұзылған. Оқиға таңғы уақытта болған. Жүргізуші әйел мас болған екен. Апаттың кесірінен 500-ден астам отбасы тұратын сегіз көпқабатты үй газсыз қалды.

    Қызыл Мерседестің бар жылдамдықпен шұңқырға құлаған сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Көлікте тағы кім болғаны белгісіз.

    Мас жүргізушінің кесірінен 560 абонент пәтерінде көгілдір отынсыз қалды. Жаңа ғимаратқа газ құбырын тарту үшін шұңқыр қазылып, ол жерді қоршап қойған екен. Сондай-ақ көлік тас жолды зақымдаған. Төтенше жағдайлар қызметі көмекке келді.

    “3 қазан таңғы сағат 6:30-да Мерседес көлігінің жүргізушісі шұңқырға кіріп кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 39 жастағы әйел зардап шеккен жоқ. Сараптама жүргізушінің мас болғанын көрсетті. Хаттама жасалып, сотқа жолданды”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →