Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырауда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі басталды • Оралда шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдікке айыппұл салынып, елден шығарылды • Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекет қатарына енді • Қазақстандағы туристік фестивальдер: мәдениет пен табиғат тоғысқан алаң • Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты • Алматыда пышақ ұстаған жасөспірімдер видеоға түсіп, ата-аналары жауапкершілікке тартылды • Атырауда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі басталды • Оралда шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдікке айыппұл салынып, елден шығарылды • Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекет қатарына енді • Қазақстандағы туристік фестивальдер: мәдениет пен табиғат тоғысқан алаң • Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты • Алматыда пышақ ұстаған жасөспірімдер видеоға түсіп, ата-аналары жауапкершілікке тартылды •

    Диваннан түсіңдер: Меруерт Түсіпбаева еркектерге ескерту жасады

    Диваннан түсіңдер: Меруерт Түсіпбаева еркектерге ескерту жасады

    Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева еркектерге ескерту жасап, әйелдермен алыс бергеннің орнына елдегі маңызды істермен айналысуға, зерттеуге кеңес берді, деп хабарлайды Qazaq.today. 

    Өнер иесі бұған дейін айтқан сөзі үшін ер адамдар тарапынан сын естіп жатқанын айтты.

    “Мен толықтарды жек көремін” деген сөзім үшін хейттің астында қалдым. Түрлі әлеуметтік желіге жариялап жатыр екенсіздер. Арнайы жазба жариялап отырған еркектерге айтарым бар: Алдымен, денсаулығы үшін семіздікке ұшыраған жандардан кешірім сұраймын. Семіздік деген – қасірет. Екіншіден, өсек термей спортпен айналысыңыздар, құрметті еркектер! Диваннан түсіп, халықтың жағдайына көңіл бөліңіздер! Қоғамның қызу талқысына түсіп жатқан АЭС-ті зерттеңіздер! Мемлекет пен халықтың жағдайын айтып, жыртысын жыртыңдар! Соған көңіл бөліңдер!”, – деді мәдениет қайраткері.

    Еске салайық, өнер иесі артық салмағы бар адамдарды ұнатпайтынын жасырмады.

    “Қазір айтсам, маған ашуланатын шығар, негізі толық адамдарды жек көремін. Бірақ оның денсаулығы жоқ шығар, сондықтан кешірім сұраймын. Дегенмен қалай болғанда да әйел болсын, еркек болсын өз салмағына қарау керек. Түсінемін, 50-ден асқан соң барлық әйелде физиологиялық өзгеріс болады, сол кезде адамның салмағы құбылып тұрады. Денсаулыққа да байланысты болуы мүмкін», – деген енді Түсіпбаева. 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →