Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Кек қайтару: Бельгия футболшылары АҚШ командасын жеңіп, алаңда «Трамптың биін» билеген (ВИДЕО) Қаптың ішіне төгілген қан: 12 жастағы қызды зорлап өлтірген жігітті халық ұрып өлтірді Елімізге шетелден алма әкелуге алты айға тоқтау салынбақ Жеке үйге ілуге рұқсат: Қазақстанда Мемлекеттік туды пайдаланудың жаңа тәртібі Қарақия әкімі алты балалы әйелге «Күміс алқа» бермей қойған Павлодарды уысында ұстаған: бандылар студенттер мен жұмысшыларды тонап келген Кек қайтару: Бельгия футболшылары АҚШ командасын жеңіп, алаңда «Трамптың биін» билеген (ВИДЕО) Қаптың ішіне төгілген қан: 12 жастағы қызды зорлап өлтірген жігітті халық ұрып өлтірді Елімізге шетелден алма әкелуге алты айға тоқтау салынбақ Жеке үйге ілуге рұқсат: Қазақстанда Мемлекеттік туды пайдаланудың жаңа тәртібі Қарақия әкімі алты балалы әйелге «Күміс алқа» бермей қойған Павлодарды уысында ұстаған: бандылар студенттер мен жұмысшыларды тонап келген

«Шығын 2 триллион»: Түркия билігі зілзаладан келген шығынды анықтады  

Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын зілзаланың материалдық шығындары анықталды. Қираған үйлерден мемлекетке келген шығынның көлемі  2 триллион түрік лирасы, деп хабарлайды Qazaq.today. Жергілікті Trthaber агенттігінің ақпаратынша, шығынның көлемі 105 миллиард 280 миллион долларға жеткен. Елдің қаржы және қазынашылық министрлігіне сілтеме жасап хабарлаған агенттік зілзаладан келген шығынның 1999 жылғы жер сілкінісімен салыстырғанда әлдеқайда көптігін айтқан.

«Зілзаладан келген шығын 2 триллион лира (105 миллиард 280 миллион доллар). Бұл 1999 жылы Мәрмәр теңізі аймағында болған жер сілкінісінен шамамен 6 есеге көп шығынға ұшырағанымызды көрсетеді. Бұл көрсеткіш 2023 жылға күтілетін ұлттық табыстың 9 пайызына сәйкес келеді», – делінген министрлік хабарламасында.

Бұл ретте батыстық сарапшылар бұған дейін жер сілкінісінің Түркиядағы тұрғын үйлерге шамамен 70,8 миллиард доллар шығын әкелгенін хабарлаған болатын. Ұлттық табыстағы шығын тағы 10,4 миллиард долларды құрайды, ал жұмыс күшінің жоғалуы түрік экономикасына 2,9 миллиард доллар шығын әкеледі.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика