Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Жігіт қалжыңдаймын деп Алматы-Орал бағытындағы ұшақты бір сағатқа кешіктірді (видео)

    Жігіт қалжыңдаймын деп Алматы-Орал бағытындағы ұшақты бір сағатқа кешіктірді (видео)

    1 қыркүйекте Алматы-Орал бағытындағы рейске мінген жігіт ұшақ ішінде бомба бар деп хабарлаған. 

    Желіде ұшақ ішіндегі жағдай мен жалған ақпарат таратқан жігіт түсірілген видео тарады. Кадрлардан кинолог пен полиция қызметкерлерін байқауға болады. Олар жігіттің жүгін тексеріп жатыр.

    «1 қыркүйек күні Алматы-Орал ұшағында жолаушы жігіт қалжыңдауға бел буып, рейсті бір сағатқа кешіктірді. Айыппұл көлемі қанша?», – деп жазылған видео сипаттамасында.

    Аталған ақпаратқа қатысты Stan.kz тілшісі Алматы қаласы Көліктегі полиция департаментінен пікір сұрап білді.

    «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды», – делінген хабарламада.

    Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау үшін 5 мың айлық есептік көрсеткіш (18 миллион 460 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске саламыз.

    Еске салайық, бұған дейін Желіде Air Astana әуе компаниясы ұшағының Fly Arystan-ның қозғалтқыш бөлігін салып алғаны түсірілген видео тараған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →