Басты бет » Алматыда тұрғын үйдің автотұрағындағы екі көлік өртеніп кетті

Алматыда тұрғын үйдің автотұрағындағы екі көлік өртеніп кетті

Алматыда көпқабатты үйдің автотұрағында екі жеңіл көлік жанып кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Аталған жағдайға Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді. Оқиға түнгі уақытта болған.

03.09.24, 00:59-да өрт сөндірушілер Е.Брусиловский көшесіндегі 18 қабатты үйдің паркингінде 10 шаршы метр аумақты қамтыған 2 автокөліктің отқа оранғанын анықтап, өртті өшірді. Зардап шеккен адамдар туралы ақпарат түспеді, — деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика