Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды •

    «2 градус аяз күтіледі»: 2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

    «2 градус аяз күтіледі»: 2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

    «Қазгидромет» синоптиктері 2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

    Бүгін де ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: найзағаймен жаңбыр жауады, елдің шығысында, оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.

    Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде антициклон сілемінің әсерінен-жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ел аумағы бойынша желдің күшеюі күтіледі. ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақмола, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус аяз күтіледі.

    Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан облысыныңбатысында, Атырау облысының орталығында, шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

    Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →