Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 2 тамыз 2026 $ 473,9 546,3 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Гүлзира Айдарбекова ағасының ауыр халі туралы сыр шертті Мақпал Жүнісова құдалық сәтінен фото-бейне жариялады Алихан Смаилов студенттер жатақханасындағы орын тапшылығын шешуді тапсырды Инсультке кім жауап береді?: Қазнет Ақтөбе облысындағы жылқышының босатылуына реакция білдірді Қазақстандық балуан Ағабек 48 келіде әлем чемпионы атанды Грекияда 125 жылға сотталған қазақстандық жігіттің анасы көмек сұрады Гүлзира Айдарбекова ағасының ауыр халі туралы сыр шертті Мақпал Жүнісова құдалық сәтінен фото-бейне жариялады Алихан Смаилов студенттер жатақханасындағы орын тапшылығын шешуді тапсырды Инсультке кім жауап береді?: Қазнет Ақтөбе облысындағы жылқышының босатылуына реакция білдірді Қазақстандық балуан Ағабек 48 келіде әлем чемпионы атанды Грекияда 125 жылға сотталған қазақстандық жігіттің анасы көмек сұрады

    Елордада ер адам бұрынғы әйелінің үйіне ұрлыққа түскен

    Елордада ер адам бұрынғы әйелінің үйіне ұрлыққа түскен
    Ұрлық жәбірленушінің пәтерінде болған. Ер адам бұрыңғы жұбайының үйіне жеке заттарын алуға келген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Алайда сәтті пайдаланып жатын бөлмеге жасырын кіріп, құны 120 мың теңге тұратын Samsung Galaxy планшетін ұрлап, кейіннен оны сатқан.

    Планшеттің жоғалғанын байқаған әйел, дереу полицияға хабарласқан. Жедел іс-шаралар барысында Есіл аудандық ПБ қызметкерлері 44 жастағы ер адамды қолға түсірді.

    Ол жасаған қылмысын мойындады. Ұрланған планшет тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

    Астана қалалық полиция департаменті сақтық шараларын сақтау қажеттігін еске салады. Құнды заттарыңызды үйде бөгде тұлғалар болған кезде қараусыз қалдырмаңыздар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →