Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Шығыс Қазақстанда атақты шипажай мемлекетке қайтарылды

    Шығыс Қазақстанда атақты шипажай мемлекетке қайтарылды

    Фото: ШҚО әкімдігі

    Бұл туралы ШҚО әкімдігі хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

    «Рахман қайнары» шипажайы электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың балансына өтті.

    ШҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, электронды сауда-саттық нәтижесінде шипажай Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының балансына берілді.

    «22 тамызда сауда-саттық өтті. Бүгінгі таңда нысанды қабылдауға мемлекеттік органдардан құралған комиссия барды. Шипажайды шетелдік компанияларға беру жоспарда жоқ», — деп атап өтті ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметі.

    Айта кетсек, «Рахман қайнары» шипажайы 1964 жылы ашылған. Негізгі емдік фактор — ауруларды емдеу үшін қолданылатын минералды радон сулары.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →