Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 1 қыркүйек 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев ШЫҰ саммитінде Путинмен кездесті Тоқаев пен Путин Бішкектегі ШҰҰ саммитінде кездесті Атырауда 17 жастағы қызды зорлаған ер адамға қатысты іс тоқтатылды БАӘ-де қайтыс болған Бохановалардың денесі Астанада жерленді Ақмола облысының тұрғыны масаң күйде көлік жүргізгені үшін өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды Қазақстандықтар eGov арқылы ауруханаға түскен жақындары туралы хабарлама ала алады Тоқаев ШЫҰ саммитінде Путинмен кездесті Тоқаев пен Путин Бішкектегі ШҰҰ саммитінде кездесті Атырауда 17 жастағы қызды зорлаған ер адамға қатысты іс тоқтатылды БАӘ-де қайтыс болған Бохановалардың денесі Астанада жерленді Ақмола облысының тұрғыны масаң күйде көлік жүргізгені үшін өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды Қазақстандықтар eGov арқылы ауруханаға түскен жақындары туралы хабарлама ала алады

    Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамға қатысты тың дерек шықты

    Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамға қатысты тың дерек шықты

    Қарағандыда шақыртуға келген жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дакебаевтың ісі бойынша сот отырысы басталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Дакебаевқа Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-тармағы 5-тармақшасы, яғни бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру бойынша айып тағылып отыр, деп жазады Azattyq Rýhy.

    Сот отырысы барысында Нұрболат Дакебаев судья қойған сұрақтарға жауап берді.

    Сотталушының айтуынша, ол ажырасқан, қазір ресми некеде тұрмайды. 2008, 2015 және 2020 жылғы үш қызы бар. 15 жастағы үлкен қызы Шымкентте өзімен бірге тұрады.

    Бұған дейін қылмыстық жауапқа тартылмаған, ешқандай есепте тұрмайды.

    Нұрболат Дакебаев пен оның адвокаты сот барысында өздерін видеоға түсірмеуді сұраған. Судья олардың өтінішін қанағаттандырды.

    Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда қызылшамен ауырған бір жасар балаға келген жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне белгісіз ер адам келіп қоқан-лоққы жасайды. Ашуға бой алдырған ол жүргізушіні соққыға жығады. Оқиға осы жылдың басында болған еді.

    Кейін жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдікті қашып бой тасалаған. 1 ақпанда күдікті Нұрболат Дакебаев ұсталды.

    Фото: Pixabay

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →