Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 1 қыркүйек 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев ШЫҰ саммитінде Путинмен кездесті Тоқаев пен Путин Бішкектегі ШҰҰ саммитінде кездесті Атырауда 17 жастағы қызды зорлаған ер адамға қатысты іс тоқтатылды БАӘ-де қайтыс болған Бохановалардың денесі Астанада жерленді Ақмола облысының тұрғыны масаң күйде көлік жүргізгені үшін өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды Қазақстандықтар eGov арқылы ауруханаға түскен жақындары туралы хабарлама ала алады Тоқаев ШЫҰ саммитінде Путинмен кездесті Тоқаев пен Путин Бішкектегі ШҰҰ саммитінде кездесті Атырауда 17 жастағы қызды зорлаған ер адамға қатысты іс тоқтатылды БАӘ-де қайтыс болған Бохановалардың денесі Астанада жерленді Ақмола облысының тұрғыны масаң күйде көлік жүргізгені үшін өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды Қазақстандықтар eGov арқылы ауруханаға түскен жақындары туралы хабарлама ала алады

    Ел тұрғындарына ескерту жасалды

    Ел тұрғындарына ескерту жасалды

    Алаяқтар өз жоспарларын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет атынан қазақстандықтарға хабарламалар жолдауда, деп жазады Qazaq.today ақпарат порталы.

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы ескертеді. Алаяқтар Антикор символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді. Жалған ақпараттық таратуларға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз», — деп жазылған ресми хабарламада.

    Қазақстандықтарды жалған ақпараттық хабарламаларға сенбеуді, күмәнді сілтемелерді баспауды және ақша аудармауды сұрайды.

    «Осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз», — деп ескертті ведомство.

    Фото: Pixabay

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →