Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 2 тамыз 2026 $ 473,9 546,3 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кумамото префектурасында 7,1 балдық жер сілкінісі болды Санияның ісі: қамаудағы қызметкерлердің қорғаушысы мәлімдеме жасады «Әртүрлі жағдайдағы аналар бар»: Жазира Байырбекова перзентхана алдында думандатуға қарсы екенін айтты Ақтөбе облысында 100 жылқы ұрлады деп сотталған бақташы ақталып шықты «Түбі жарып шығады»: Мөлдір Мұқан кіші қызына қатысты даудан кейін мәлімдеме жасады «Жағы сынып, тістері түсіп қалған»: Ақтөбеде 12 жастағы жасөспірімді қағып, қашып кеткен курьер ұсталды Кумамото префектурасында 7,1 балдық жер сілкінісі болды Санияның ісі: қамаудағы қызметкерлердің қорғаушысы мәлімдеме жасады «Әртүрлі жағдайдағы аналар бар»: Жазира Байырбекова перзентхана алдында думандатуға қарсы екенін айтты Ақтөбе облысында 100 жылқы ұрлады деп сотталған бақташы ақталып шықты «Түбі жарып шығады»: Мөлдір Мұқан кіші қызына қатысты даудан кейін мәлімдеме жасады «Жағы сынып, тістері түсіп қалған»: Ақтөбеде 12 жастағы жасөспірімді қағып, қашып кеткен курьер ұсталды

    Енді балаларды басқа мектепке онлайн ауыстыруға болады

    Енді балаларды басқа мектепке онлайн ауыстыруға болады

    Енді ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке ауыстыруды үйден шықпай-ақ, eGov.kz порталында жүзеге асыра алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

    Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, онда тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс жерлерде көрсетілген кез келген білім беру ұйымын таңдау мүмкіндігі беріледі.

    Жаңа процесс есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды қажет етпейді. Мектеп таңдаған кезде оқу тілі де көрсетіледі. Сондай-ақ өтініш берушінің өтінімді қайтарып алуға мүмкіндігі бар.

    Мемлекеттік қызметті алу үшін:

     eGov.kz порталында тіркеуден өтіп, «Білім» бөліміне өту керек;
     «Орта білім» бөлімінде «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін таңдап, қажетті жолдарды толтыру және ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қою қажет;
     қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады.

    Айта кетейік, жаңа мемлекеттік қызмет түрін ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен ҚР ЦДИАӨМ, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп әзірледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →