Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 18 тамыз 2026 $ 462,1 535,0 5,43
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Оқушылар сабақ кезінде телефондарын қайда қояды? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді Қазақмыс ЖМЗ-ның газ тазарту жүйесін соңғы онжылдықтардағы ең ауқымды жаңғырту жұмысын бастайды Тоқаев аудандық және ауылдық құтқару бөлімшелерін нығайтуды тапсырды Он секундта таусылған орын: Астана мектептері неге өсімге ілесе алмай отыр? Оңтүстік Кореяда рекордтық жауын жауды Алматы құрылысшылары Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды Оқушылар сабақ кезінде телефондарын қайда қояды? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді Қазақмыс ЖМЗ-ның газ тазарту жүйесін соңғы онжылдықтардағы ең ауқымды жаңғырту жұмысын бастайды Тоқаев аудандық және ауылдық құтқару бөлімшелерін нығайтуды тапсырды Он секундта таусылған орын: Астана мектептері неге өсімге ілесе алмай отыр? Оңтүстік Кореяда рекордтық жауын жауды Алматы құрылысшылары Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды

    Каспий жағалауындағы 50 га жер мемлекетке қайтарылды

    Каспий жағалауындағы 50 га жер мемлекетке қайтарылды

    Келіп түскен өтініш негізінде Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде мұнай терминалының құрылысын салу және орналастыруға арналған жалпы ауданы 50,0 гектар жер учаскесі ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай келгені анықталды.

    «Кадастрлық (бағалау) құны — 445 млн теңгені құрайтын жер учаскесі Каспий теңізінің жағалауындағы Қарақия ауданында орналасқан, — деп жазады Kazinform агенттігі.

    Жер учаскесінің меншік иесіне жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Жыл аяқталғаннан кейін нұсқама талаптарын орындамағаны үшін серіктестікке 345 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шара қолданылды», — деп жазды Ауыл шаруашылығы министрлігінен.

    Сонымен қатар департаменттің жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арызы сотпен қанағаттандырылып, сот шешімі заңды күшіне енді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →