Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Тағы да Ақтөбе: бұл жолы қалада қоңыз қаптады KyzdarNet арқылы жеңгетайлық ұйымдастырған топқа сот үкімі шықты Ернұр Мырзахмет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жеңіп алды «Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттарды бекітті Жұмыс істеуге барған студентті көлік қаққан: Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты Полиция Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін жариялады (ВИДЕО) Тағы да Ақтөбе: бұл жолы қалада қоңыз қаптады KyzdarNet арқылы жеңгетайлық ұйымдастырған топқа сот үкімі шықты Ернұр Мырзахмет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жеңіп алды «Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттарды бекітті Жұмыс істеуге барған студентті көлік қаққан: Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты Полиция Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін жариялады (ВИДЕО)

Қазақстан нарығына тағы бір такси компаниясы кірмек

Қазақстан нарығына тағы бір такси компаниясы кірмек

Фото: Pixabay

Bolt еуропалық компаниясы Қазақстан нарығына қызығушылық танытты. Мұны көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Ведомство басшысының сөзінше, енді Bolt эстониялық компаниясының таксилері нарыққа енуі мүмкін.

«Халықаралық агрегаторлар тарапынан қызығушылық бар. Мысалы, бізге Еуропада өте танымал эстониялық Bolt компаниясы келді. Бұл – Яндекстің аналогы. Олар біздің нарыққа қызығушылық танытып, хабарласты. Егер компания біздің нарыққа шығуға шешім қабылдаса, біз мұны қолдаймыз. Өйткені кез келген бәсекелестік қызмет алушы үшін бағаның төмендеуіне әкеледі», – деді Қарабаев үкімет брифингінде.

Оның айтуынша, Қазақстандағы такси нарығы бәсекеге қабілетті. Қазір «InDriver» қалаішілік тасымалдауға, ал «Яндекс» облысаралық тасымалдауға көшіп жатыр. Сондай-ақ Шымкент пен Өскеменде танымал бірқатар компаниялар бар.

Осыған байланысты министр такси жүргізушілеріне белгілі бір бағаны енгізу дұрыс емес деп санайды.

«Екінші жағынан, агрегаторлардың қызметін тексеруге болады. Агрегаторлар цифрландыру немесе көлік саласындағы уәкілетті органға толық ақпарат береді, осылайша біз бағаны қарбалас уақытта емес, әдейі жасанды түрде көтерген кезде белгілі бір шаралар қабылдай аламыз. Менің ойымша, АЗРК әрекет етуі керек», – деп түсіндірді Қарабаев.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика