Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 1 қыркүйек 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырауда 17 жастағы қызды зорлаған ер адамға қатысты іс тоқтатылды БАӘ-де қайтыс болған Бохановалардың денесі Астанада жерленді Ақмола облысының тұрғыны масаң күйде көлік жүргізгені үшін өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды Қазақстандықтар eGov арқылы ауруханаға түскен жақындары туралы хабарлама ала алады Көшпенділер әлем ойындары Бішкек Аренада салтанатты түрде ашылды Франкфурт әуежайында безгектен екі қызметкер қайтыс болды Атырауда 17 жастағы қызды зорлаған ер адамға қатысты іс тоқтатылды БАӘ-де қайтыс болған Бохановалардың денесі Астанада жерленді Ақмола облысының тұрғыны масаң күйде көлік жүргізгені үшін өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды Қазақстандықтар eGov арқылы ауруханаға түскен жақындары туралы хабарлама ала алады Көшпенділер әлем ойындары Бішкек Аренада салтанатты түрде ашылды Франкфурт әуежайында безгектен екі қызметкер қайтыс болды

    Пойыздағы жолаушының өлімі: көлік министрі не дейді

    Пойыздағы жолаушының өлімі: көлік министрі не дейді

    Көлік министрі Марат Қарабаев Өскемен-Алматы бағытындағы жолаушының өлімінен соң Қазақстанда тозған вагондарды жаңарту жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын айтты, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Massaget.kz — ке сілтеп.

    Үкіметтің баспасөз орталығында БАҚ өкілі «Еліміздегі жолаушылар тасымалындағы өзекті мәселенің бірі — лас, ауасы тар тозған вагондар. Биыл Өскемен — Алматы бағытындағы пойызда ер адам көз жұмды. Куәгерлердің айтуынша, вагонда ауа тар болған, кондиционер дұрыс жұмыс істемеген. Сізді жағдайды дұрыс істеу үшін не істедіңіз? Қашан вагондар жолаушыларға ыңғайлы болады?» деп сұрақ қойды.

    Министр кейбір вагондарда кондиционер жоғын мойындады.

    «Қазақстанда жалпы 2 667 вагон бар. Соңғы бірнеше жылда 600 вагон қолданыстан шығарылды, 300 вагон алынды. Осыны ескерсек, бізде вагондар жетіспей жатыр. Осы 2 667 вагон паркінің 74 пайызы, яғни 1 857 вагонында кондиционер бар. Өкінішке қарай пойыздың 26 пайызы (кондиционермен) жабдықталмаған», — деді ол.

    Марат Қарабаев жолаушылар вагон біртіндеп жаңартылатынын айтты.

    «Өткен жылдары 50-100 вагон сатып алсақ, былтыр 118 жаңа вагон сатып алдық. Биыл қосымша 140 вагон пайдалануға беріледі, келесі жылы 224 вагон сатып алынады. 2025 жылдан бастап жыл сайын жалпы 200-ден аса сатып вагон паркін аламыз. Осылайша, алдағы 5 жылда 1200 жаңа вагон сатып алуды жоспарлап отырмыз. Бұл ескі вагондарды алмастыруға мүмкіндік береді. Министрлік пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық оператор тарапынан осындай жұмыстар істеліп жатыр», — деді министр.

    Оның сөзіне сенсек, вагондар тұрақты түрде тексеріледі.

    «Биыл 62 маршрут мемлекет тарапынан субсидияланса, оның ішінде 20 маршрутқа біздің инспекция тексеріс жүргізді. Нәтижесінде 200-ден заңбұзушылық анықталып, 10 млн теңге айыппұл салынды», — деді Марат Қарабаев.

    Фото: Pixabay

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →