Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Жұмыс істеуге барған студентті көлік қаққан: Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты Полиция Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін жариялады (ВИДЕО) Ақтөбе облысында байланыс мұнарасы дүкенге құлап, үш адам зардап шекті АҚШ пен Ираннның соғысы қайта басталды: Трамп өткен айда жасалған келісімнің күші жойылғанын мәлімдеді «Тоқалын тығып жүр»: Мейрамбек Беспаев әйелімен үйленген күндерін шетелде атап өтті (ВИДЕО) Батбаққа батқан бұқара: СҚО-дағы ауылда әлі күнге дейін асфальт жоқ Жұмыс істеуге барған студентті көлік қаққан: Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты Полиция Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін жариялады (ВИДЕО) Ақтөбе облысында байланыс мұнарасы дүкенге құлап, үш адам зардап шекті АҚШ пен Ираннның соғысы қайта басталды: Трамп өткен айда жасалған келісімнің күші жойылғанын мәлімдеді «Тоқалын тығып жүр»: Мейрамбек Беспаев әйелімен үйленген күндерін шетелде атап өтті (ВИДЕО) Батбаққа батқан бұқара: СҚО-дағы ауылда әлі күнге дейін асфальт жоқ

Есірткіні Telegram арқылы сатып, миллиардтап пайда тапқандар ұсталды

Есірткіні Telegram арқылы сатып, миллиардтап пайда тапқандар ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігі 55 telegram-арнаның заңсыз қызметін тоқтатты. Осылайша, 50 мыңнан астам адамды арбаған, жалпы айналымы 48 млрд теңгені құрайтын есірткі бизнесіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымға байланысты 60 қылмыстық іс қозғалды, оның жартысы – контрабанда фактілері. Онлайн наркошоптарға қатысты тағы 29 материал бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілуде. 100-ден астам адам, оның ішінде ҰҚТ 12 мүшесі ұсталды.

«Айналымнан шамамен 100 кг ауыр есірткі – кокаин, кетамин, мефедрон және марихуана, сондай-ақ оларды жасау үшін 1 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді. Қылмыстардың қатысушылары — 30 мыңға жуық «дроптардың» банктік карталары бұғатталды», — деп хабарлады ҚМА.

Мәселен, Шымкентте ірі мефедрон өндіру және тарату арнасы тоқтатылды. Есірткі лабораториясынан синтетикалық есірткі өндіруге арналған 1 тоннадан астам қышқыл тәркіленді. Оның өндірістік қуаты ай сайын 50 мың доза есірткі өндіруге мүмкіндік берген.

Халықаралық ынтымақтастық аясында ҚМА ТМД кеңістігінде есірткі таратқан трансұлттық интернет-дүкендерді жою бойынша Қазақстан, Беларусь және Ресей қаржы барлаушыларының қатысуымен арнайы операция жүргізді.

«Үш елдің аумағында үш ауқымды есірткі дүкені жабылды, 35 наркодилер ұсталды, 1 тоннадан астам психотроптық заттар және клиенттерге сатуға дайын 3,5 мың дозаға жуық синтетикалық есірткі тәркіленді. Халықаралық «есірткі сатушылардың» жалпы табысы шамамен 30 миллион АҚШ долларын құрады, оның 12 миллионы криптовалютада шығарылды», — деп хабарлады агенттік.

ҚМА бастамасы бойынша Ұлттық Банктің және ҚНРДА қаулыларына өзгерістер енгізілді, бір клиентке бірнеше банк картасын шығару бойынша шектеулер белгіленді және онлайн режимде олардың мониторингі қамтамасыз етілді. Карта ұстаушылар саны 9,5 мыңнан 3,6 мың клиентке дейін қысқарды, 1,5 мың клиентке қашықтықтан қызмет көрсетуге қолжетімділік жабылды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика